+7 (727) 397 42 23

 

Жалпы ақпарат

Қазіргі уақытта дерматовенерология қызметінде медициналық қызметтің сапасын арттыру, Бірыңғай ұлттық жүйені енгізу, медициналық қызмет көрсетудің шығыны аз түрлеріне ауысу жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда институтта мынадай негізгі бөлімдер жұмыс істейді: дерматовенерология, физиотерапия бөлімдері, консультативтік-диагностикалық бөлім, мониторингтеу, талдау және медициналық статистика бөлімі, ғылым менеджменті бөлімі, сонымен қатар, тері патоморфологиясы  және параклиникалық зерттеулермен қоса  биохимия тобынан, клиникалық иммунология және иммунотүзету, сондай-ақ серология және микробиология тобынан тұратын клиникалық-диагностикалық зертхана. Сондай-ақ, институтта ішкі аудит қызметі, биостатистика және инновациялық даму секторлары бар, патенттік-ақпараттық сектор мен дәлелді медицина орталығы жұмыс істейді.

 

Тері-венерологиялық ғылыми-зерттеу институты Қазақстандағы жыныстық жолдармен берілетін инфекциялардың және тері ауруларының саласындағы ғылыми, ұйымдастыру-әдістемелік, оқыту және клиникалық орталығы болып табылады және ТВҒЗИ штатында 129  қызметкер бар (басқару аппараты мен көмекші персоналдарды қоса алғанда).

 

 

Бөлімдер:

 

• Дерматовенерология бөлімі;

• Физиотерапия бөлімі;

• Консультативтік-диагностикалық бөлім;

• Клиникалық-диагностикалық зертхана.

 

 

© 2018. Nikvi.kz. ҚР ДСМ "Тері - венерологиялық ғылыми - зерттеу институты ШЖҚ РМК "

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі